$ 443.85  474.3  4.8

Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды

Ұзақ уақыт бойы Санкт-Петербордағы Кунсткамерада сақталып келген Кейкі батырдың бас сүйегі жақын күндері Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы 24.kz ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Кейкі батырдан өзге аталған музейде қазақтың тағы жеті батырының сүйектері сақталып тұр дейді қазақстандық тарихшылар. Оларды да елімізге әкеліп, арулап жерлейтін болады. Бірақ, сәл кейінірек.

"Бұл жәдігерлердің қазақ халқы үшін, Қазақстан тарихы үшін қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, біз өз ғалымдарымызға осынау сүйектерді қайта зерттеп шығуды тапсырдық", - деді Ресейдің Мәдениет министрі Владимир Мединский Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесу барысында.

Қазақстандық министрдің айтуынша, Кейкі батырдың бас сүйегін дәл қазір венгр ғалымдары зерттеп жатыр екен. Зерттеу барысында оның ұрпақтарының ДНҚ-анализдері тексеріледі.

"Менің ойымша, алдағы екі аптада біз қорытынды шығарып, бас сүйекті Қазақстанға алып келе аламыз", - деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары