Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 мамыр кешімен салыстырғанда 1, 48 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 427,14 теңге болды. Ұлттық банктің 17 мамырдағы ресми бағамы: 1 доллар үшін - 428, 71 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428,29 теңге, сатып алу – 426, 81 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,42 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427,46 теңге.