$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылуы өтті

Шымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, салтанатты жиынды ашып берді.

Басшылар жаңа ойын-сауық орталығының ашылуына байланысты қала тұрғындарын құттықтады. Аталған орталық Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып отырғанын да айта кету керек.

Демалыс аумағында барлық жастағы зияратшылар үшін 20 атракцион және 50 метрлік айналмалы дөңгелек орналасқан. Келешек қаланың аймағында орналасқан «Shymkent City» саяғбағы көркейіп, қаланың шырайына айналды. Сонымен қатар, бұл аумақта көңілді көтеріңкі өткізу және спорттық шаралар ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс аймағында орналасқан айналмалы дөңгелек Орта Азияда ең үлкені болып саналады.

Айта кетейік, бұған дейін осынау демалыс орны орналасқан жерде Тұлпа көлі болатын. Түбі қоқысқа толған көл соңғы бір жылда тұтастай тазартылып, бүгінде керемет жағажайға айналған. Қазір мұнда қайықтар мен катамарандар қала тұрғындары мен қонақтардың демалысы үшін қызмет етеді. Сондай-ақ, ескек есу сынды спортпен айналысатын кәсіби спортшылардың жаттығу жасауына да қолайлы жағдай қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары