2021 жылдың бірінші жартыжылдығында осылай болды. Бағаның шарықтауы Шымкент қаласында қатты сезілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шырайлы шаһарда шаршы метрдің құны 13,7%-ға өсіп, 396 365 теңгені құрады.
Өскеменде пәтер бағасы 2%-ға ұлғайып, 269 909 теңгеге жетті. Елордада бір шаршы метрдің бағасы 435 989 теңге болса, Алматыда тұрғын үйдің шаршы метріне 396 мың теңгеден асты.
Ең арзан пәтер Тараз қаласында сатылды. Мұнда бір шаршы метрдің бағасы 149 666 теңге болды.