$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО әкімі ардагер қарттың үйінде болды

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов тыл ардагері Нина Лычагинаның отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат табыс етті.

Ардагер апамызға жылы лебізін білдірген өңір басшысы ісi ізеттілік пен үлгiлі өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбектерi ұрпақ санасында мәңгіге сақталатынын айтты. Сонымен қатар, Бейбіт Бәкірұлы ардагер әжейді ел Тәуелсіздгінің 25 жылдық мерейтойыме құттықтап, қазіргі бейбіт өмір осы ардагерлердің арқасында келгенін атап өтті.

Нина Лычагина 1927 жылы Воронеж облысы, Грибанов ауданында туылған. Оқуды бітірген соң 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына жолдама алып, мұнда 1946-1960 зоотехник мамандығымен жұмыс істеген. Ал 1974-1986 жылдар ішінде облыстық меминспекциясында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

Қария осы жылдардағы ерен еңбегінің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Бүгінде немересінің отбасында тұрады.

Айта кетейік, Халықаралық ардагерлер күніне орай ОҚО әкімі өңірдегі қариялардың бәрін құттықтап, оларға зор денсаулық тілеген болатын. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің үйінде болып, оларды өз қолымен марапаттады.

Дәл осы күні Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та барша қарияны құттықтап, қаладағы ең жасы үлкен әжейдің үйінде қонақта болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары