$ 498.34  519.72  4.85

Соңғы 5 жылда 40 мыңнан астам қазақстандық банктен шағын несие алған

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы кезінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауылдардағы жұмыспен қамту барысы туралы есеп берді.

Министрдің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері 41,6 мың адам шағын несие алса, оның ішінде 27,2 мың адам кәсіпкер атанған. Шағын несие алғандар 38,5 мың қосымша жұмыс орындарын ашты.

Т. Дүйсенова биыл шағын несиелендіру үш сұлба бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады:

- бағдарлама қатысушысы өз капиталымен немесе бар тауарымен аймақтарда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кіреді;

- «Ауылда жұмыспен қамту» жобасын жүзеге асыру бойынша «Нұр Отан» партиясымен біріккен жоба. Жоба бес облыста пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты - жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлы өндірісті құру. Сондай-ақ, шағын несие сомасы 6 млн теңгеге дейін арттырылған.

- кәсіпкерлік картасына сәйкес, шағын несие 3 млн теңгеге дейінгі көлемде беріледі.

«Осы мақсаттарға биыл 30,8 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен биыл 9,1 мың адам шағын несие алып, ауылдық жерлерде шамамен 12 мың жұмыс орнын ашады», - деп ақпараттандырды министрлік басшысы.

ҚР ДСӘДМ мәліметтеріне сәйкес, бүгінде 6,4 мыңнан астам адамға шағын несие берілген, оның ішінде шамамен 4 мың адам алғаш рет өз ісін ашқан. Несие алғандардың барлығының ішінен 5 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қалғандары – жұмыссыздар.

«Шағын несие алған азаматтардың ішінен 89%-ы несиені ауыл шаруашылығы саласына, 6% - қызмет көрсету саласына, 3% - өнімді қайта өңдеуге, 2 % - басқа да салаларға пайдаланған», - деді Т. Дүйсенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары