$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында қар барысы көбейіп келеді

Алматы облысындағы ұлттық табиғи бақта мекен ететін қар барысының саны көбейіп келеді деп хабарлайды КТК телеарнасы. Мамандар қазір олардың 40-қа жеткенін айтып, сүйінші сұрап отыр.

Қар басқан шыңдар мен қияларды мекендейтін барысты үнемі бақылап отыру мүмкін емес. Қызыл кітапқа енген бұл жануарды қадағалау үшін мамандар Таянь-Шань тауларының солтүстік-шығыс беткейіне 12 арнайы техникалық тұзақ құрыпты. Сол арқылы бейнетаспаға түсіріп отырады.

«Көлсай көлі» ұлттық бағы мамандарының айтуынша, қар барысының саны бүгінде қырыққа жеткен. Оны жануарларды қорғаумен айналысатын халықаралық қорлар да растайды. Дегенмен, ұлттық бақтың басшылары оларды сақтап қалу мәселесіне алаңдап отыр. Өйткені таудағы өзен сулары жылдан жылға тартылып барады екен. Егер бөгет орнатпаса жануарлармен қоса сол маңдағы ауылдарға да қауіп төнеді.

Әміржан Малыбеков, «Көлсай көлі» ұлттық бағының директоры:

-Тоспа қоймаса жер астындағы сулар сіңіп, жер астына жоғалып бара жатыр. Аңдар ғана үшін емес адамдар үшін де қауіпті. Төменгі жағындағы жолдарды алып кетуі, ауылдарды алып кетуі мүмкін.

Көлсай көлдерінің тартылуы үлкен апатқа әкелетінін айтып мамандар түрлі құзырлы мекемелерге арызданған. Жағдаймен танысуға депутаттар тобы да келіпті. Бірақ әзірге қандай да бір шешім шығармаған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары