Экономика 27.10.2021 сағат 16:32

Алматыда кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жұмыстары қарқын алып келеді

Бөлінген қаражаттың 690 миллионы қайтарымсыз гранттарға, қалғандары субсидиялауға және ішінара кепілдендіруге бағытталды.
Алматыда кәсіпкерлікті қаржылық қолдау жұмыстары қарқын алып келеді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда кәсіпкерлерге мемлекеттен қажетті қолдау алуға көмектесетін құралдар табысты жұмыс істеуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спикер Алматы кәсіпкерлеріне қаржылай көмек көрсету көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын, ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы одан әрі дамитынын атап өтті.

«Біздің қаламызда бизнеске барлық деңгейде қолдау көрсетіледі: оқыту, кеңес беру, инфрақұрылымдық, қаржылық. Жыл сайын «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының бюджеті өсіп, үш жылда 31 млрд теңгені құрады. Биыл бюджет 17,7 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп», - деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары.

Бөлінген қаражаттың 690 миллионы қайтарымсыз гранттарға, қалғандары субсидиялауға және ішінара кепілдендіруге бағытталды. Спикер бүгінгі таңда 154 млрд теңге несие сомасына 2 332 жоба мақұлданғанын қосты. Бағдарламаның арқасында 1 600-ден астам жұмыс орны ашылды.

Бұл ретте жобалардың ең көп саны сауда салаларында – 17%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде – 15%, өнеркәсіпте – 13% қаржылық қолдау алды. Бұдан басқа, жобалардың 60%-ы негізгі құралдарды, үй-жайларды, жабдықтарды сатып алуға қаржыландырылады. Сауда саласында несиелер айналым қаражатына алынады.

Қ. Ақылбеков қараша айында республикалық бюджеттен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлу жоспарланғанын айтты. Осылайша, мемлекет бизнеске қолдау көрсетуді жалғастырады, бұл пандемия кезінде өте маңызды.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, қолданыстағы түрлі бағдарламалардың арқасында Алматы кәсіпкерлері экономикалық белсенділікті жалғастыруда, жұмыссыздыққа жол берілмейді.

«Біздің қаламызда дағдарысқа қарсы түрлі шаралар жүзеге асырылуда, олардың бірі – шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну. Егер 2018-2019 жылдары жыл сайынғы бюджет 145 млн теңгені құраса, орта есеппен 80 жоба қаржыландырылса, 2020 жылы пандемия кезінде қаржыландыру сомасы 5 млн теңгеге дейін өсті», - деді ол.

Спикердің айтуынша, өткен жылы жергілікті бюджеттен 705 млн теңге бөлінген. 2021 жылы бұл үрдіс сақталды және бюджет 700 млн теңгені құрады.

«Көктемде бірінші кезеңде 421 жоба қаралып, 513 млн теңгеге 162 жоба қолдау тапты, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша – 106 жоба. Негізінен өнеркәсіп саласындағы жобалар қаржыландырылды, олар шамамен 69%-ды құрайды. Қазіргі уақытта гранттарды конкурстық іріктеудің екінші кезеңі жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 1 300 өтінім келіп түсті», - деп жалғастырды сөзін спикер.

Ведомство басшысының орынбасары Алматылық кәсіпкерлер экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге ықпал етіп, жұмыс орындарын ашатынын атап өтті.

«2020 жылы қаржыландырылған жобалар мониторингінің нәтижелері бойынша қазіргі уақытта жобалардың шамамен 30%-ы іске қосылды, 105 жұмыс орны құрылды», - деп атап өтті ол.

Сөзінің соңында Қ. Ақылбеков Алматының ШОБ қала экономикасының негізін құрайтынын, сондықтан оған Qoldaý кәсіпкерлік орталығында әрдайым көмектесуге дайын екенін атап өтті. Мұнда барлық тілек білдірушілер мемлекеттік қолдау құралдары бойынша, оның ішінде «Бизнестің жол картасы» аясында тегін кеңестер ала алады. Ол үшін Байзақов көшесі, 303, 2 қабат «Инвестициялар үйі» мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар