$ 498.34  519.72  4.85

Елдердің даму рейтингінде Қазақстан небәрі 82-ші орында

Британдық Legatum Institute ұйымы жыл сайынғы дәстүр бойынша әлемдегі елдердің даму рейтингін (Prosperity Index) әзірледі. Тізімнің көшін Жаңа Зеландия бастап тұр. Ол барлық көрсеткіштер бойынша көш ілгері жылжыған деп жазады Business Insider басылымы.

Осынау рейтингтің көшін 7 жыл қатарынан бастап келген Норвегия болса екінші орынға сырғыды. Ол 9 индекстің алтауы бойынша Жаңа Зеландияға жол беріп, тек білім беру, қауіпсіздік және экология салаларында ғана озық тұр. Ал, үшінші орында - Финляндия. Бұл ел билік жүйесінің сапасы бойынша және демократияның дамуы бойынша көрсеткішін жақсартқан.

Алғашқы ондықта Швейцария, Канада, Австралия, Нидерланды, Швеция, Дания және Ұлыбритания бар.

Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіреміз деп, елуліктен де шығып қалған Қазақстан болса осынау тізімнің 82-ші сатысына жайғасыпты. Біздің ел тек білім беру саласы бойынша ғана былтырғы көрсеткіштерін жақсартқан. Ал, адамдардың құқығы индексі бойынша 32 ұпай жоғалтыппыз.

Десе де Қазақстан Қытай мен Ресей сынды алпауыттардан озық тұр. Рейтингте солтүстік көршіміз 95-ші сатыға жайғасса, Қытай 90-шы орында. Ал, жалпы тізімде 149 мемлекет бар. Көштің соңын Ауғанстан мен Йемен республикалары қорытындылаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары