$ 494.87  520.65  4.91

Отандық автокөліктерден утилизациялық алым алынбайды

Отандық кәсіпорындар кедендік төлемдер мен утилизациялық алымдардан босатылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында отандық көліктерге қатысты жағымды ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Онда қазақстандық автокөлік өндіруші кәсіпорындардан утилизациялық алымның алынбауына байланысты елімізде шығарылған көлік бағасына утилалым қосылмайтыны айтылған. 

«Автокөлік өндірісі саласындағы кәсіпорындар, оның ішінде «Аллюр» компаниялар тобы мемлекет тарапынан субсидияланбайды.

Оның есесіне, отандық кәсіпорындар Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасында қарастырылған шектеулер бойынша кедендік төлемдер мен утилизациялық алымдардан босатылды. Утилизациялық алымнан босату шығарылған әрбір автокөліктің бірдей (иденттік) сомасын қайтару және оны төлеу механизмі арқылы жүзеге асырылады», делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#утилизация