01.08.2014, 06:45

Жыл басынан бері Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры 9,2 пайызға өсті

Сурет: assistas.zp.ua

ҚР Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері бойынша серпін оң болып табылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ұлттық Банктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ағымдағы жылғы шілдеде алтын-валюта қоры 2 пайызға өсті (0,5 млрд. АҚШ доллардан аса) және айдың соңында 27 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте жылдың басынан бері ҚР Ұлттық Банкінің алтын-валюта қоры 2,3 млрд. АҚШ долларына (+9,2%) өсті.

«Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы нығайып, ағымдағы сәтте 1 АҚШ доллары үшін 182,08 теңгені құрады», делінген баспасөз хабарламасында.