06.09.2022, 21:41

Министр Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балаларға қалай аударылатынын түсіндіріп берді

Министрдің айтуынша, инфляциядан қорғану үшін қаражат доллармен есептеледі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балалардың есепшотына жылына бір рет түсетінін және олар доллармен сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жыл сайын есептеу жүргізіледі. Өткен жылдың инвестициялық кірісі алынып, шоттар арасында бөлінеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға 2023 жылдың табысынан қаражат есептелетіні белгілі болды" - деді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, инфляциядан қорғану үшін қаражат доллармен есептеледі.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың сөзіне түсініктеме берген министр әр балаға берілетін соманы да нақтылады.

"Үш мың доллар - бұл шамамен алынған сома. Менің түсінуімше, сіз Президенттің баспасөз хатшысы жариялаған сандарды айтып отырсыз. Бұл әлі де қосымша есептеледі, бірақ бұл балаларға арналған екенін есте ұстаған жөн", - деп түсіндірді Қуантиров.