$ 498.34  519.72  4.85

Шетелден 173 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы қайтарылды

Мемлекетке жалпы сомасы 523 млрд-тан астам теңгеге келтірілген залал өтелді.

Бас прокуратурада Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне мұнай өнімдері, сұйытылған мұнай газы және оларды тасымалдау саласындағы мәселелер шығарылды.

Аталған мәселені егжей-тегжейлі талқылау үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылары шақырылды.

Сондай-ақ кеңеске Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығы қатысты.

Елімізде отын-энергетика кешені мен көлік нарықтарының монополияландырылғаны, бұл бәсекелестерге қолжетімділікті шектеу, соңғы өнімге жоғары маржаны белгілеу және артық кіріс алуға жағдай жасайды.

Осыған байланысты Комиссия олигополия субъектілерінің монополиялық жағдайын белгілеуге және бәсекелестікті шектеуге әкеп соққан шешімдерге талдау жүргізуде.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектормен бірлесіп тауар нарықтарын монополиясыздандыру, ұлттық компаниялар мен оның еншілес құрылымдарының заңсыз шығарылған активтерін қайтару бойынша жұмыс іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін пайдалана отырып жүргізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені әзірленді.

Бұдан бөлек, ашықтықты қамтамасыз ету және жұмыс нәтижелері туралы халықты жедел хабардар ету үшін Комиссияның веб-сайты іске қосылды (www.gov.kz/memleket/entities/komissiya.kz).

Жалпы, Комиссияның қызмет етуі кезеңінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.

Мемлекетке жалпы сомасы 523 млрд-тан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды, атап айтқанда:

- қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 млрд теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан – 173 млн АҚШ доллары өтелді;

- прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер қайтарылды;

- 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер телімдері қайтарылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары