14.10.2022, 17:00

Қазақстан мен Түркия бірлесіп ғарыш спутниктерін жасауға уағдаласты

Сонымен қатар қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу және спутниктік ғарыш жүйесін құру сияқты салалардағы ынтымақтастық жайында сөз байласты.

Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі мен Түркияның қорғаныс өнеркәсібі агенттігі аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл құжат спутниктік байланыс пен телехабар таратудың ғарыш жүйелерін құру, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар біз қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жерсеріктерді әзірлеудегі ынтымақтастығы, спутниктік ғарыш жүйесін құру сияқты салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық, сондай-ақ мемлекеттік органдар деңгейінде де тығыз байланыс орнатуға келістік. Жекелеген компаниялар деңгейінде уағдаластық», - деп жазды Мусин әлеуметтік желіде.