$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жанармай сататын екі компания дизель тапшылығын қолдан жасаған

Жанармай бекеттері дизель отынына сұраныс артқанда әр адамға тек 50 литрден ғана сатқан. Салдарынан онсыз да тапшы болған дизель мүлдем қолжетімсіз болыпты.

Шымкентте жанармай сататын алпауыт компаниялар дизель тапшылығын қолдан жасаған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіндегілер бұл "қасақана жасалған әрекет" деп бағалап отыр.

Жанармай бекеттері дизель отынына сұраныс артқанда әр адамға тек 50 литрден ғана сатқан. Салдарынан онсыз да тапшы болған дизель мүлдем қолжетімсіз болыпты. Әзірге мұндай жолмен алпауыт компаниялардың қанша пайда тапқанын департамент өкілдері жария етпеді. Десе де бір жарым ай бойы шымкенттік жүргізушілерді жанармай іздетіп сандалтқандарға ауыр жаза көзделмеген. Тапшылықты қолдан жасағандар тек ескертумен құтылып кетуі мүмкін.

"Синойл" және "Гелиос" филиалдарының екі бекеті белгіленіп, соның ісәрекеттерінде шектеу белгілері анықталып, соның салдарынан хабарлама берілген болатын. Келіскенде заңбұзушылықтарға жол бермеуге, және алдағы уақытта қайталамауға және шектеу жасамауға соны ресми түрде бізге жауап беруі керек”, – деді Шымкент бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің бөлім басшысы Нұрболат Әлиақбаров.

КТК арнасы
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары