$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар тобына 100 млрд теңге айыппұл салынды

«Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар топтарына қатысты тексерулер аяқталды.

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр  Жанәлінов «Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар топтарына қатысты тексеру жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Оның айтуынша, аталмыш компаниялар тобына ірі мөлшерде айыппұл салынған. 

«Жыл басынан бері жер қойнауын пайдаланушылардың 63-і тексеріліп, 8-і Мемлекет басшысының, 4-і Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша бақылауға алынды. «Қазақмыс» және KAZ Minerals компаниялар топтарына қатысты тексерулер аяқталды. Есептелген салықтық өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асты», - деді Данияр Жанәлінов.

Ол атағандай, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі тауарларды өткізудің бүкіл тізбегі бойынша бақылау жүргізуге бағытталған ақпараттық жүйелер кешені саналатын Ұлттық қадағалау жүйесіне негізделген.

«Құжаттамалық қадағалау Астана-1 және «Виртуалды қойма» модулі бар электрондық шот-фактуралар жүйелерінде және тауарды онлайн-БКМ арқылы айналымнан шығарумен жүргізіледі», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары