$ 446.49  475.38  4.79

Назарбаев пен Астананың туған күніне елордаға атақты әнші Рианна келеді

6 шілде күні қатар келетін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Астананың туған күні биыл да дүркіреп тойланатын болады. Биыл оның үстіне атаулы күндер ЭКСПО халықаралық көрмесінің аясында өтеді деп жоспарлануда.

Осылайша, 6 шілдеде «Астана арена» стадионында әлемге танымал әнші Рианнаның концерті өтеді. Бұл туралы expo2017culture.kz сайтында хабарланды. Алайда ұйымдастырушылар бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Өйткені, бұған дейінгі туған күндерде Астанаға келуі тиіс әлемдік жұлдыздар түрлі себептермен концерт бере алмаған болатын. Мәселен, британдық әнші Sting Жаңаөзендегі мұнайшылар митингісін желеу етіп келмесе, француздық Imany (Надя Младжао) денсаулығына байланысты концерт беруден бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары