$ 446.49  475.38  4.79

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы мамыр айының ортасында толық аяқталады

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің нысандары мамыр айының ортасына дейін толық дайын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен өткен жиын барысында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда көрменің 20 нысанының 18-нің құрылысы аяқталды. Екі нысанда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Олар Конгресс-орталық пен қонақ үй. Қонақ үй бойынша жоба қайта жасалып шықты. Сондай-ақ, сіздің тапсырмаңыз бойынша біз оған инвестор тарттық. Нәтижесінде жоба құны 20 млрд теңгеге қысқарды. Конгресс-орталық бойынша, сіздің тапсырмаңыз аясында жобалау жұмыстары қайта жасалды. Нәтижесінде нысанның функционалды мүмкіндіктері артты және шығыны 4 млрд теңгеге қысқарды. Бұл екі нысанның құрылысы мамыр айының ортасына дейін аяқталады», - деді А.Есімов Назарбаевқа берген есебінде.

Оның айтуынша, Конгресс-орталықта тек концерттер емес, көрме, конференциялар, семинарлар да өткізуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары