Астанада суретшілер мен қолөнершілерге және жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көше пайда болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа-орталығы хабарлады.
Жаяу жүргіншілер көшесі Астананың ең көрікті жері – Есіл өзенінің жағалауында, Кенесары хан ескерткішіне жақын жерде орналасады. Көшенің негізгі нысаны хан ордасы болмақ. Жоба қала билігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, Арбат - Мәскеудегі танымал көшенің атауы. Онда қолөнер шеберлері, суретшілер көше ортасында туындыларын әзірлеп, сол жерде сата береді. Мұндай көше Алматыда бар екені белгілі.