$ 446.49  475.38  4.79

Астанада тұрғындардың қолайлылығы үшін бұқаралық орындарда заманауи дәретханалар орнатылды

Елордада 6 тегін модульді дәретхана орнатылды. Оның үшеуі желілік - инженерлік желісіне қосылған және үшеуі - автономды. Олардың біреуі «Ғашықтар» саябағында, қалғандары «Арай» саябағында, теннис корты аумағында, орталық саябақ ауданында орналасқан.

Тағы екі дәретхана «Көрме» көрме кешінінде және Ұлы Дала даңғылында, «ЭКСПО-2017» көрмесі маңында.

Модульді дәретханаларды шығарушы – Ресей – Санкт-Петербор.

Дәретханаларды сатып алу немесе күрделі жұмыс жүргізуге қарағанда модульді дәретханалар әлдеқайда арзанға шығады. Бұл жоғары жайлылықты қамтамасыз ететін мобильді дәретхананыңмүлдем жаңа құрастырылымы.

Модульді дәретханалардың екі түрі бар: желілік және автономды. Алғашқысы кәріз және су жүйелеріне қосылуды қажет ететіндіктен дайындалған орынға қойылады.

Автономды модульдердің жинақтау багы бар, сондықтан инженерлік желілерге қосудың қажеті жоқ. Сол себепті кез келген жерге қоюға болады. Басты талап – электр желісіне қосу.

Астанадағы жаңа қоғамдық дәретханалар шағын, заманауи, түрі қала көркін бұзбайтын, барлық экостандарттарға сай. Мұндай дәретханалар Мәскеу мен Санкт-Петерборда орнатылған.

Қондырғы екі шағын кабинадан тұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы пандус бар. Сантехникадан бөлек, сұйық сабын мен қағаз орамалдарға арналған диспансерлер орнатылған.

Модульді дәретханалардың ерекшелігі жыл бойы пайдалануға болады. Олар Астананың климаттық жағдайына бейімделген.

Қоғамдық дәретханалар келушілер үшін тегін болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары