$ 498.34  519.72  4.85

Астаналық трансгендер полицейлерден қорлық көргенін айтты

Астаналық трансгендер Серік Сағындықов ЭКСПО көрмесіне сатып алған билеттері мен ақшасын астаналық такси жүргізушісі алы қойғанын айтып шағымданды. Жынысын ауыстырған еркек полицияға арыз жазып барғанымен, тәртіп сақшылары қызтекенің өзін айыптап отыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

28 жастағы трансексуал жынысын ауыстырғанымен, құжат бойынша аты жөні - Серік Сағындықов. Айтуынша, таңертең такси ұстап үйіне бармақ болған. Бірақ, қызтекені пәтеріне жеткізген жүргізуші, Серіктің бағалы заттарын тартып алып, күш көрсетіпті.

«Таксиші тартып алған әмиянда 900 доллор мен теңгедей ақша болған. Әрі «Экспо» көрмесіне сатып алынған билеттер бар еді. Ұялы телефон мен жеке куәлігімді де алып кетті», - дейді ол.

Ақшасы мен құжатынан айырылған трансгендер кейін 102-ге қоңырау шалып, болған жайтты айтқан. Тәртіп сақшылары таксишіні бірден ұстапты. Бірақ, артынан түк болмағандай жібере салған.

«Есіл аудандық ішкі істер бөліміне бардым. Арызымды ондағылар қабылдамай қойды. Ұрланған ақшамды бөлісіп алып, таксишіні жібере салған. Керісінше, мені ұрып соғып, қолыма кісен салып, бірнеше сағатқа қамап тастады», - деп шағымданды С.Сағындықов.

Ал, телефон, құжаттың барлығы бөлімшеде қалып қойыпты. Бүгін Серік соны алуға барған. Сөйтсе, тәртіп сақшылары да қызтекені іздеп жүр екен. Өйткені, барлық дау такси жүргізушісінен емес, осы трансексуалдың кесірінен шыққан дейді полицейлер. Яғни, араққа сылқия тойған Серік көлікте ойына келгенін істеп, ішін бүлдіріп тастапты.

«Келген залалдың көлемі 30 мың теңге. Сонымен қатар, былапыт сөздер айтқан. Намысына тиген», - дейді полицейлер.

Осылайша, трансгендерге бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған полицейлер тонау оқиғасын Серіктің ойдан шығарғанын айтады. Соған қарағанда, оның шағымы бойынша арыз сол күйі қабылданбайтын секілді. Керісінше, таксишіге тіл тигізгені үшін өзі 10 тәулікке қамалып немесе 20 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары