$ 498.34  519.72  4.85

ЭКСПО-ның жалған билеттерінің сатылуына қатысты Астана полициясы тергеу жүргізіп жатыр

Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жалған билеттер сату жағдайына байланысты тексеру басталды. Ұлттық пошта операторының баспасөз хатшысы Сәуле Мақашованың айтуынша, мұндай билеттер Шымкент қаласында ғана сатылған деп жазады Азаттық тілшілері.

— Билеттердің өзі емес, олардың көшірмелері сатылған. Мұндай жағдай Шымкент қаласында ғана болды, — деді ол.

"Астана ЭКСПО" компаниясы мен Астананың ішкі істер департаменті тергеу бастады. Жалған билеттер саудасы туралы алғашқы ақпарат бірнеше күн бұрын пайда болды, деді Мұқашева. Оның айтуынша, жалған билеттерге "Қазпошта" штемпелі басылған.

"Қазпошта" мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы байланыс бөлімшелерінен 8 800 билет сатылған. Пошта операторы мәліметі бойынша, жалған билеттер Шымкент әкімшілігі мен қалалық білім басқармасында таратылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары