$ 498.34  519.72  4.85

ЭКСПО аумағына «бомба қойған» ОҚО тұрғыны ұсталды

Астаналық полицейлер ЭКСПО аумағында жарылғыш зат қойылған деп хабарлаған ер адамды қолға түсірді. Күдікті "102" номеріне хабарласып, көрме аумағында бомбаның бар екенін айтқан.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде қысқа уақыт аралығында елордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының т32 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол мас күйінде аталған бұзақылықты жасағандығын мойындады. Медициналық куәландырудың қортындысына сәйкес ер адамның мас екендігі анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК 273 бабы (терроризм актісі жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Полицейлердің қолдануындағы заманауи технологиялардың арқасында аталған қылмыстық заң бұзушылықтарды жасағандар бір тәуліктің ішінде анықталады. Мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, материалдық залал өндіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары