$ 498.51  522.84  4.81

Астанада ЭКСПО-2017 аясында Алматының мәдени күндері басталды

 

Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында тек ғылыми шаралар емес, сондай-ақ мәдени бағдарламалардың да келушілер назарына ұсынылып жатқаны белгілі. Шетелдік өнер жұлдыздарын айтпағанда еліміздің әр облысы Астанада өзінің мәдени күндерін өткізуді бастап кетті. Осы бағдарлама аясындағы ең ауқымды жобаны Алматы қаласының өнерпаздары ұсынып отыр. Бүгін басталған мәдени шаралар тізбегі 19 маусымға дейін жалғаспақ.

Аталған бағдарлама аясында алматылық эстрада жұлдыздары, қолөнершілер, шығармашылық ұжымдар бар 400-ден астам адам өнер көрсетіп, көрмеге келгендерін көңілін көтереді.

Алматының мәдени күндері бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Махабатпен, Алматыдан!» атты концерттік бағдарламамен машылды. Мәдени шараны шаһар басшысы Бауыржан Байбектің өзі ашып, одан әрі қазақ эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мәдина Араппаева, Мәдина Сәдуақасова, Айқын, Луина, «Дос-мұқасан», «Рензо», «Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтары,«Сарын» дуэті, «Салтанат» ансамблі, «Бала дауысы» балалар байқауының жеңімпаздары және басқалары өнер көрсетті.

«Астана – халқымыздың бірлігі мен келісімінің, болашаққа деген сенімінің, зор мүмкіндіктерінің символы» деген тұжырымын тілге тиек етіп, Елорданың ел дамуындағы рөліне ерекше тоқталды. «Ару Астана – Тәуелсіздіктің символы, Еуразия жауһары, Президентіміздің кемеңгерлігі мен көрегендігінің айғағы. Астана – Қазақстанның жетістігін, болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Барлық қазақстандықтар жақсы көретін Алматы – ел тарихына тәуелсіз­діктің «Алтын бесігі» ретінде енді. Президенттің тұрақты қамқорлығы арқасында Алматы заманауи мега­полиске айналды, еуропалық қалалармен бәсекеге түсе алады. Астанадағы Алматы қаласының мәдени күндері аясында біз сіздерге Елбасы ұсынған ұлттық жаңарудың жеке ұлттық кодын көрсететін еліміздің бай мәдени мұрасын ұсынамыз», – деді Б.Байбек.

Айта кетейік, 19 маусымға дейін жалғасатын мәдениет күндер аясында ондаған шара өткізу жоспарланған. Мәселен...

12-16 маусым аралығында Алматының мемлекеттік қуыршақ театры Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында күніне екі рет «Құлыншақ пен Бөлтірік»,«Веселые медвежата» атты үздік спектакльдерін қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.

16-17 маусым аралығында «Жастар» театрында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Асқақтай бер, қазақтың сазды әуені» атты музыкалық кеші өтеді.

11-19 маусым аралығында «Этно-ауыл Алматы» көрмесі болады, мұнда үздік суретшілер мен қолөнершілер өз туындыларын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні көрмеге келушілерге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

18 маусымда Халықаралық «Астана ЭКСПО - 2017» арнайы көрмесінің амфитеатырнда мәдени күндердің «Асқар таулы Алматы!» атты қорытынды концерті өтеді, оған Асылбек Еңсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мусаев, Еділ Құсаинов, Ғазиза Габдахимова, Шолпан Даржанова, Сауле Жұмабай, Азамат Асқаров, «Ұлытау», «Арт Дала», «Алашұлы» топтары, «Жетіген», «Сазген сазы», «Салтанат» ансамбльдері,Н. Ашировтың домбырашылары, «Арлан» театры және басқалары қатысады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары