$ 444.22  476.38  4.82

Астанадағы жаңа әуежай терминалы 227 мың жолаушыға қызмет көрсетті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында ашылған «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы» халықаралық әуежайдың жаңа терминалы бүгінге дейін 19 шетелдік әуе тасымалдаушының халықаралық рейстеріне қызмет көрсетті («LOT Polish Airlines», «WizzAir», «FinnAir», «Air China», «Lufthansa», «Air Arabia» және т.б.).

Сондай-ақ, Делиге, Варшаваға, Хельсинкіге, Будапешке, Бейжіңге, Ереванға, Киевке, Минералды Суларға, Батумиге жаңа рейстер ашылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Ол сондай-ақ, әуежай қызметін қолданған жолаушылар санының да күрт өскенін айтып отыр.

«Биыл (бірінші жартыжылдықта) астаналық әуежайдағы жолаушылар ағынының өсімі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ды немесе 1,8 млн. жолаушыны құрады. Жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілген күннен бастап халықаралық рейстердің 227 мың жолаушысына қызмет көрсетті», - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Жолаушылардың басым бөлігі ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға келген шетелдік және қазақстандық туристер.

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа астаналық «Нұрлы жол» темір жол вокзалы пайдалануға берілген кезден бастап шамамен 305 мың жолаушыға қызмет көрсетті.

Жаңа вокзалдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 35 мың жолаушыға дейін жетеді. Ал, бұрынғы вокзалдың өткізу мүмкіндігін қоса есептегенде 47 мың жолаушығы дейін қамтиды. Яғни, Астанадағы жолаушылар ағынын, әсіресе халықаралық көрме өтіп жатқан кезеңде де толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, теміржол саласында транзиттік әлеуетті дамыту бойынша қойылып отырған тағы бір міндетті орындау мақсатында ұзақтығы 112,37 шақырым болатын Алматы-Шу темір жол учаскесінің екінші жолының құрылыс жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 38,4 млрд. теңге.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында екінші жолды іске қосып, учаскедегі өткізу мүмкіндігін 70-тен 130 млн. тонна жүкке дейін, яғни, екі есеге арттыру жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары