27 шілдеде қазақстандық бұқарат ақпарат құралдарының журналистері баспасөз туры аясында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Катар елінің павильонында болды деп мәлімдеді Астана әкімдігінің медиа-орталығы.
Павильон директоры Мұхаммед Саид Аль-Блоши мырза жиналған қонақтарға өз елінің павильонын көрсетті. «Энергияның жаңа әлеуеттері» атты павильонның аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Павильонда Катар елінің құрылу кезінен бастап мемлекеттің қазіргі кезеңіне дейін тарихты баяндайтын 7 түрлі аумақ бар.
Павильон екі негізгі кезеңге бөлінеді. Біріншісі – елдің тарихы жөнінде баяндайды. Осыған байланысты павильонның басты фоейесі гипстен жасалған ою-өрнекпен көркемделген. Екінші кезеңі елдің болашағы туралы, күн энергиясы қалай қолданылатыны жөнінде сыр шертеді.
Елдің климатикалық ахуалына байланысты Катар мемлекеті көне ғасырдан бері ғимараттарда табиғи салқындатуды қолданады. Сол себепті бұл елдің халқы бағзы заманнан бері ғимараттарды салқындату үшін жел энергиясын қолданады. Көмірсутекті кен орындары табылған соң ел дамуының жаңа кезеңі басталды, өз кезегінде ол әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Мемлекет үшін тұрақты даму мәселесі ең өзектілердің біріне айналды, сондықтан Катар-2030 даму стратегиясы бекітілді, оның аясында катарлықтар барлық облыстарда күн энергиясын қолдануды жоспарлап отыр.
Елорда тұрғындары мен қонақтары арасында Катар павильоны сұранысқа ие павильондардың біріне айналды, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында бұл елдің павильонының алдында суретке түсу дәстүрге айналғандай.
- Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім емес. Қазақстан шынымен қонақжай мемлекет. Астана тұрғындары өте қонақжай. Мұны біз көрменің барысынан – ақ байқауымызға болады. Түрлі ұлт өкілдері бір аспан астында, бір мемлекетте, бір қалада тату-тәтті өмір сүруде, бір-біріне жылулық танытады екен. Көптеген елдерден қонақтар келіп жатыр. Олар бұны бірден сезеді деп ойлаймын. Қазақ халқы өте қонақжай, -деді Қазақстан жайлы өз пікірімен бөлісе келе павильонның директоры Мұхаммед Саид Аль-Блоши.