Сингапурдың Ұлттық күнін тойлау құрметіне ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне сингапурлық делегацияның келуі аясында Астана әкімі Әсет Исекешев Сингапур Республикасының сауда және индустрия Аға министрі Ко По Кун мырза бастаған аталмыш елдің делегация өкілдерімен кездесті.
Кездесу аясында қала басшысы қонақтарды Елбасының тапсырмасымен іске асырылған 2020 жылға дейінгі Астананың даму жоспарымен таныстырды. Әкім кездесуге келгендерге бағдарламаның бағыттарының бірі- Астана xалықаралық қаржы орталығын құрумен елордамызды ақылды әрі қауіпсіз қала, өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастыру жөнінде айтып берді.
Қазақстан тарапынан нақты жобалар ұсынылды: қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім, қауіпсіздік және әкімдік және қалалық қызметте жұмыстың шынайылығы сынды салада қалаларды жоспарлау және басқару жүйесіне смарт-теxнологияларды енгізу.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үш бағытта жобаларды бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастық орнатуға келісті.
Бірінші- Сингапур елінің тәжірибесін зерделеу және оны Астанада енгізу, «ақылды» инфрақұрылым бойынша регламенттерді енгізу мен жұмысты ұйымдастыру, цифрлық инжиниринг, жобалау кезінде бим-технологияны қолдана отырып «жасыл» құрылыста, құрылыс салуға рұқсат қағаздарын алуда, құрылыс және ғимараттарды басқаруда сингапурлық әдіс-тәсілдерді үйрену және оны өз елімізде қолдану. Энергияны үнемдейтін технологияларды қолдана отырып «жасыл» құрылыстың мәселесі жеке қаралды. Сингапурда жеке «жасыл» стандарт әзірленген, сол «жасыл» стандартқа сәйкес ғимараттар саны қазіргі уақытта 33 пайызды құрап отыр.
Екінші келісім қоғамдық көлік, тұрақтар, жолдар құрылысын жоспарлау, сондай-ақ қоғамдық көлік саласында ынтымақтастық жасасуға байланысты болды, ақпараттық технологияларды енгізу және т.б. мәселелер қарастырылды.
Үшінші- смарт-технологияларды қолданумен қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты арттыру жоспарлануда.