$ 444.32  473.33  4.76

Оңтүстікқазақстандық меценат 30 баланы өз есебінен ЭКСПО-ға алып келді

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері, меценат Оралбек Ботбай дарынды 30 бала мен 10 мұғалімді ЭКСПО көрмесін тамашалауға алып келді.

Оқушылар экскурсия барысында көрмедегі павильондарды аралап, ондағы жасыл энергетика саласындағы жобаларды тамашалады, керемет әсер алғандарын айтып, өз болашақтарын осы саламен байланыстыратын болып шешті.

Ал, Оралбек Ботбай болса дарынды жастарға қолдау көрсету өзінің азаматтық парызы екенін айтып отыр. Әрбір қалталы қазақ кемі бір балаға қолдау көрсетсе, еліміздің болашағы үшін алаңдамауға болады дейді ол.

Осы ретте айта кету керек, О.Ботбай бұған дейін Алматы мен Астана қалаларында ЖОО студенттеріне өз атынан шәкіртақы тағайындап, осы қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған болатын.

- Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын іске асыруды тарсырған болатын. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін өзімнің туған жерім Қошқар ата ауылының ең дарынды деген 30 баласын ЭКСПО көрмесін тамашалауға алып келдім. Бұл мақтаныш үшін жасалған іс емес, осы жастардың көзі ашылсын, болашақта атақты ғалым болсын деген ниетпен жасалған іс. Сондай-ақ, ішкі туризмді дамыту мақсатында осы оқушыларды Бурабай демалыс аймағына алып бардық, - деді меценат.

ЭКСПО-ға келген балалар болса жазғы демалыстың өте пайдалы өткенін айтты. Олар енді ағылшын тілін меңгеруге құлшынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары