$ 448.15  483.46  4.86

ЭКСПО-ға келушілер 131 млн теңгеге тамақтанған

Астанадағы ЭКСПО-2017 кешеніндегі мейрамханалар мен дәмханалардың саудасы қызу жүріп тұр. Көрме басталған уақыттан бері қонақтар 131 миллион теңгеге тамақтанып кетіпті. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы мәлімдеді.

ЕХРО көрмесі бизнесмендердің несібесін еселеді дейді телеарна тілшілері. Көрмені тамашалауға келгендердің жүрек жалғап, аз-кем аяқ суытқысы келетіні белгілі. Қалашықтағы ас-ауқат сатылатын дүкендер мен мейрамханалар 560 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткен. ЕХРО-ға келушілер 131 млн теңгеге тамақтанған. Ал, жалпы тауар айналымы 900 млн теңгеден асады.

Виталий Косенчук, аспаз:

- Бастапқы тапсырма бойынша күніне шамамен 5 мыңға жуық адамды тамақтандыруымыз керек еді. Сенесіз бе? Біз қазір күніне 8 мыңға жуық қонаққа қызмет көрсетеміз. Кейде үлгере алмай жатамыз. Әсіресе түскі ас кезінде келушілер көп. Меніңше, шілдеде қонақтар көп болған сияқты. Біз тамызда келушілер легі азаяды деп болжаған едік. Олай болмады. Қонақтар әлі де келіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары