$ 447.4  477.55  4.76

ЭКСПО-2017 көрмесінде қызмет еткен оңтүстікқазақстандық полицейлер марапатталды

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтаған оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері марапатталды.

ОҚО ІІД басшысы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов салтанатты жағдайда 9 полицейге Алғыс хат пен Құрмет грамоталарын тапсырды. Олар көрме кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде адал қызмет атқарған.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы, полиция подполковнигі А.Бекмырзаевқа «полиция полковнигі» атағы берілді. Ал, Жергілікті полиция қызметінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.Абдраманов «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов өз атынан «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен 26 полиция қызметкерін марапаттады. 17 полиция қызметкерінің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.

Ішкі істер органдары ардагерлерінің жас қызметкерлерді идеялық-патриотттық тәрбиелеуде қосқан үлесі мен құқық тәртібін нығайтуға және қамтамасыз етуге Ішкі істер органдарына белсенді көмек көрсеткені үшін 10 ауған соғысының ардагерін «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары