Келер жылы Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын мемлекеттер тізімі тағы екі елмен толықты. Олардың бірі – баламалы энергия көздерін пайдалануда әлемдегі алдыңғы қатарлы ел саналатын Коста-Рика болса, екіншісі – өзіндік даму ерекшелігіне ие Финляндия.
Алдымен 29 тамызда Астанада «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясы шеңберінде «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санстың басшылығымен коста-рикалық делегациямен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Коста-Риканың сыртқы саяси ведомствосының басшысы елдің үкіметі астаналық көрмеге қатысу шешімін қабылдағандығын хабарлады.
Осымен Коста-Рика «ЭКСПО-2017» көрмесіне өзінің қатысуын ресми растаған 98-ші ел болды. Сонымен қатар, бүгінгі күні қатысуды 17 халықаралық ұйым растады.
Министрдің айтуынша, 2015 жылы Коста-Рика қолданатын электр энергиясының 97% баламалы энергия көздерінен өңделген. Аталған көрсеткіш әлімдегі ең жоғарғы болып табылады. Ұлттық энергияны басқару орталығы мәліметіне сәйкес электр энергиясының 65,62 пайызын гидроэлектрстансалары, 15,60 % - жел диірмендері, 13,70 пайызды - геотермальды энергия, 2,2 % - биомасса, 0,02 % - күн энергиясы түрлендіреді. Осы жылдың наурызында Коста-Рика 75 күнде толығымен жаңартылған энергия көзіне өтуді көздейтін экологиялық тәжірибе жүргізді. Нәтижесінде Коста-Рика өзін 100%-ға жаңартылған энергиямен қамтамасыз еткен әлемдегі алғашқы ел болды.
Өз кезегінде, көрме комиссары Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017» баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы тұғырнама болатындығын, және Коста-Риканың оған қатысуын көрменің табысына елеулі үлес қосатындығын атап өтті.
Мұнан кейін, яғни 31 тамызда Астанада Финляндия Республикасының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу шартына қол қойды. Осылайша, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла өзара келісімге келіп отыр.
Кездесу кезінде Ахметжан Есімов фин тарапын Көрмені ұйымдастыру және ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету бойынша жұмыспен таныстырды. Ұлттық компания басшысы бүгінгі күні Көрмеге қатысуды 98 ел және 18 халықаралық ұйымдар растағандығын айтты.
«Жаңартылған энергия көздерін қолдану саласында Финляндия еуропалық елдер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. ЖЭК дамытудағы біздің тәжірибеміз Көрме қатысушылары мен келушілер үшін қызықты болатындығына сенімдімін», - деді Ахметжан Есімов.
Финляндиядағы жаңартылған энергия көздерінің үлесі 33% құрайды. Осыған орай 2020 жылға қарай ЕО тарапынан Финляндия үшін белгіленген бұл үлесті 38%-ға дейін арттыру мақсаты шынайы болып көрінеді. Биомасса базасында энергия үлесі барлық ЖЭК 80% құрайды. Биоэнергетиканы қолдануды арттыру Финляндияға энергиялық қорлар импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла елдің осындай ауқымды халықаралық іс-шараларға басқа скандинавиялық елдермен бірлесе қатысқандығын мәлімдеді. Алайда, біздің достық екі жақты қатынастарды және Көрменің өзекті тақырыбын ескере отырып, Финляндия өз бетімен қатысу шешімін қабылдады.
«Финляндия Республикасының ЭКСПО-2017-ге қатысуы экономикалық түрде тиімді ұйымдастырылады. Біз фин павильонының шеңберінде біздің жұмыстың нақты мақсатын белгіледік – бұл біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ қазақтандық нарыққа фин бизнес-қауымдастықтары мен энергетикалық компанияларын тарту», - деді Севери Кейняла.