Мемлекет басшысы «Қазақстан» павильоны құрылысының барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудың маңыздылығын атап өтті.
Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан. Ғимараттың 7 қабатында энергияның негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда.
Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысатын елдердің қатары тағы екі мемлекетпен толықты. Коста-Рика мен Финляндия басшылары аталған көрмеге өз елдерінің қатысатынын растаған соң олардың саны 98-ге жетті.