Соңғы жаңалықтар

Экспо-2017

Үш айға созылған ЭКСПО-2017 көрмесі ресми түрде жабылды

"Тойдың болатынынан боладысы" қызық демекші, көзді ашып-жұмғанша Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті де шықты. Үш айлық шараны өткізу үшін барша қазақстандықтардың қалай дайындалғанын сіз бен біз жақсы білеміз. Сол мыңдаған адамның еңбегі, төккен тері зая кеткен жоқ, Қазақстан аталған көрмені 3 айда өте жоғары деңгейде өткеріп шықты. Мұны халықаралық сарапшылар да мойындап отыр.

Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін ресми түрде жапты

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің жабылу рәсіміне қатысты. Елбасы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Астана мен еліміздің барлық өңірлері күш жұмылдырғанының арқасында «ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өткенін айтты.

Ахметжан Есімовтің ЭКСПО-дан кейінгі жұмыс мәселесі шешілді

Бүгін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысын ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің жұмыс мәселесін шешіп берді. Еске салсақ, қыркүйектің 10-на Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталады.

ЭКСПО қонақтанына ОҚО-ның сусындары мен жеміс-жидегі тегін таратылды

Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy-ның» екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді.

ОҚО музейі Кенесарының қылышы мен Қажымұқанның жәдігерлерін ЭКСПО қонақтарына ұсынды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

Астанада ЭКСПО-ға әкелінген 8 энергетикалық жоба қолданысқа енуі мүмкін

«Мамандар ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған энергетика саласында 100-ден аса жаңа технологияны қарастырды», - деп хабарланды қалалық Энергетика басқармасының мамандары.

Жетісулық мемқызметкерлер қазақ тілінен сайысқа түсті

2020 жылға дейін мемлекеттік органдардың барлығында құжат айналымы 100 пайыз қазақ тіліне жүргізілуі керек. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында ел үкіметі 2010 жылы «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» қабылдаған болатын. Енді осы бағдарламаны толыққанды жүзеге асыру үшін жыл сайын түрлі жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

ЭКСПО-ға келушілер 131 млн теңгеге тамақтанған

Астанадағы ЭКСПО-2017 кешеніндегі мейрамханалар мен дәмханалардың саудасы қызу жүріп тұр. Көрме басталған уақыттан бері қонақтар 131 миллион теңгеге тамақтанып кетіпті. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасы мәлімдеді.

ЭКСПО кешенінде бірде-бір қалта ұрлығы тіркелмеген

Астана әкімдігінде елордалық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев құқық қорғау органдарының бірінші жарты жылдықтағы қортындысы туралы баяндады.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ көрмені қарашаға дейін созбайтындарын айтты

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері қазақстандық туроператорлар қауымдастығының өтінішін орындай алмайтынын мәімдеді.