Соңғы жаңалықтар

Экспо-2017

Н.Назарбаев пен А.Есімов ЭКСПО ғимараттарын пайдалану жайын талқылады

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентіне «ЭКСПО-2017» көрмесінің өту барысы жөнінде баяндалып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін нысандарын пайдалану туралы ұсыныстар айтылды деп хабарлайды Akorda.kz.

А.Есімов ЭКСПО құрылысына бөлінген 816 млрд теңгенің үнемдеуден кейін 452 млрд-қа қысқарғанын айтты

Жасыратыны жоқ, соңғы кезде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің шығынын есептейтіндер көбейіп кетті. Көрме құрылысына кеткен қаражаттан бөлек 3 ай бойы Астанада қойылатын концерттер мен оған келетін шетелдік өнер жұлдыздарының көптігі расымен де кез-келген адамды ойландыратыны заңдылық. Өйткені, бүкіл Ресейдің эстрада жұлдыздары, Еуропа мен Америкадан келетін әншілер мен өнерпаздар Астанаға тегін келіп концерт қоймайды.

Еліміздің кәсіпкерлері ЭКСПО-2017 көрмесінің мерзімін созуды сұрап отыр

Қазақстанның іскерлік қауымдастығы, яғни туроператорлар, мейрамхана, хостелдер мен қонақ үй иелері, көлік компанияларының басшылары "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ басшысы Ахметжан Есімовтің атына көрме жұмысын 1 қарашаға дейін ұзарту туралы өтініш айтып, петиция жазды.

Оңтүстікқазақстандық меценат 30 баланы өз есебінен ЭКСПО-ға алып келді

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері, меценат Оралбек Ботбай дарынды 30 бала мен 10 мұғалімді ЭКСПО көрмесін тамашалауға алып келді.

Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО көрмесіндегі Беларусь павильонында қонақта болды

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жалғасуда. Күн сайын мұнда түрлі елдердің күндері өтіп, көрме қонақтары сан-алуан мәдениетпен танысып жатыр. Күні бүгін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та осынау кешенге келіп, Беларусь елінің павильонында қонақта болды.

Астана әкімдігі ЕХРО-2017 көрмесінің 2 айлық жұмысын қорытындылады

Астаналық әкімдікпен EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде түрлі жанрдағы және форматтағы 647 мәдени шараны өткізу жоспарлануда. Бұл туралы әкімдіктің медиа-орталығы мәлімдеді.

«Астананың ақкөңілділер клубы» қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарды

Бүгінде ғаламтор желісінде «Астананың ақкөңілділер клубы» деген атаумен танылған қайырымдылық қозғалысының мүшелері қарттар үйінің тұрғындары мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарып, экскурсия өткізді,деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алмалы ауданының дарынды балалары үшін EXPO-ға экскурсия ұйымдастырылды

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының және «Metal Prom Group» ЖШС-нің бастамасымен Алмалы ауданының 60-қа жуық оқуда үздік оқушысына Астана қаласына саяхат ұйымдастырылды.

"Шала қазаққа" ғашық болған америкалық ару 1 жылда қазақ тілін еркін меңгеріп алды (ВИДЕО)

Америкалық Джулия Маклейн жарты жыл бұрын қазақ жігіті Қаулан Құсайыновқа тұрмысқа шыққан болатын. Олар қазір ЭКСПО-2017 көрмесінде бірге ерікті ретінде қонақтарға көмектесуде. Көрме ұйымдастырушылары ерекше жұп туралы видеоролик түсіріпті.

ЭКСПО маңындағы тұрғынүй кешені құрылыс ережелерін сақтамаған

Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мәліметінше, "EXPO PLAZA" түрғын үй кешенінде архитектуралық қала құрылысы бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген деп жазады sputniknews.kz.