Соңғы жаңалықтар

Экспо-2017

ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, «ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА?»

Есте болса, биыл Астанада өткен шетелдік инвесторлардың отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетика саласында тиімді жобаларды іріктеу үшін оларды аукцион арқылы таңдау керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық инвесторларды бизнеске жасалып жатқан қазіргі жеңілдіктерді пайдалана отырып, баламалы энергетикаға ақшаны көптеп салуға шақырды. 

ЭКСПО-ға келген жамбылдық оқушыларды қондырмай үйлеріне қайтарып жіберген

Жамбыл облысы Жуалы ауданынан ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін Астанаға арнайы келген оқушыларды ұйымдастырушы тарап қондырмай, ауылдарына қайтарып жіберген. Күні бойы кішкентай балалар көрмені ауыр сөмкелерін арқалап жүріп аралапты. Бұл туралы "Хабар-24" телеарнасы мәлімдеді.

Алматылық дарынды балалар ЭКСПО-ны тамашалады

Алматы қаласы Алмалы ауданының дарынды оқушылары Астанаға арнайы келіп, ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалады. Аудандық әкімдік пен «Metal Prom Group» ЖШС бірлесе елордаға 60-ға жуық баланы аттандырған.

Жалпы, Астанадағы мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің басталғанына 1,5 айдан аса уақыт өтті. Бүгінге дейін аталған көрмеге 2 миллионға жуық адам келіп, павильондарды аралаған. Келесі айдың басында 2 миллионыншы келушіні күтіп отырмыз дейді ұйымдастырушы тарап.

Осы 2 миллионға жуық туристің дені өз азаматтарымыз екені белгілі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен лек-легімен келіп жатқан тұрғындар «болашақ энергиясының» қандай болатынын өз көздерімен көріп, таңданыстарын жасырмауда. Олардың қатарында мектеп оқушылары да көп. Балаларды облыс, қала әкімдіктері және жеке кәсіпкерлер өз қаражаттары есебінен көрмеге жіберіп жатыр. Мақсат – келушілер қатарын көбейту емес, жастардың ғылымға деген қызығушылығын ояту.

Осындай бір топ оқушы күні кеше Алмалы ауданынан Астанаға аттанып, ЭКСПО-ға қойылған болашақтың энергия көздерімен танысып шықты. Олар – өз қатарларының алды, түрлі білім олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жұмыстардың авторлары.

Көрме аясында оқушылар бар­лық мемлекеттердің павильон­дарын қамтуға тырысты. Тек ара­лап қана қоймай, мүмкіндігінше әр экспонаттың функциясымен анық танысып, қағаз бетіне түсіріп отыр­ды. Одан бөлек, өз пікірлерін біл­діруге таласты, бір-бірімен пікір алмасты. Экскурсия соңын­да жиған ақпарлары мен мәлі­меттерге сүйене, әр бала өзін­дік идеяларын айтып, мақсатта­рымен бөлісті.

Аталмыш экскурсия Алмалы ауданы әкімі аппаратының және Алмалы аудандық білім бөлімінің мұрындық болуымен, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы­ның қолдауымен, «Metal Prom Group» ЖШС-нің демеушілік бастама­сымен жүзеге асырылып отыр. Көрмеден бөлек, балаларға Елорданың көрік­ті жерлеріне де саяхат ұйым­дас­тырылып, жағымды көңіл-күй сыйланды.

- Елімізде өтіп жатқан осынау халықаралық көрме менің өзім үшін де, мына балалар үшін де аса маңызды. Бүгінгі таңда көптеген дамыған мемлекеттерде жүзеге асып жатқан инновациялық жобалармен, түрлі өңдеуші шаралармен, техноло­гиялық өндірістермен таныса біл­ген азаматтар – болашақта елі­міздің өркендеуіне үлкен үлес қо­сатынына сенімім мол. Яғни, біз осы дарынды оқушыларды ЭКСПО-ға алып келгендегі мақсатымыз – ертең болашақта олардың Қазақстан ғылымына үлкен үлесін қоссын деп ниеттеніп отырмыз. Экскурсияға демеуші болудағы мақсатымыз да сол, барлығы болашақ үшін, барлығы жастарн үшін, - дейді «Metal Prom Group» ЖШС бас директоры Абдулхалил Дол­қынтай.

Оқушылардың ата-аналары да ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Астана қаласынан балаларының ерекше көңіл-күймен оралғандарын айтып отыр.

Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуына қол жеткізеді. Осыған орай, жастардың техно­логиялық ілімге қызығушылық танытуы – жақсылықтың ныша­ны. Ал Елордамызда өтіп жатқан Халықаралық көрмеге көзайым болу – әрбір инновацияға құштар азаматқа үлкен мотивация.

ЭКСПО-2017: Коста-Рика Астанада ұлттық күнін атап өтті

ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Коста-Риканың ұлттық күні мерекеленді деп жазады Egemen.kz. Та­биғаттың қуатын таңдаған елде өндірілетін энергияның 98 пайызы баламалы қу­ат көздеріне тиесілі. Сондықтан, латынамерикалықтар ЭКСПО көрмесіне қы­зығушылық танытып, осы салада жеткен жетістіктерімен бөлісуге арнайы кел­ген.

Катар павильонының директоры: Астана тұрғындары өте қонақжай

27 шілдеде қазақстандық бұқарат ақпарат құралдарының журналистері баспасөз туры аясында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Катар елінің павильонында болды деп мәлімдеді Астана әкімдігінің медиа-орталығы.

ЭКСПО-2017 көрмесі ашылғалы бері Астанаға 1,9 млн қонақ келген

Вокзалдар, қонақ үйлер мен қаланың қоғамдық тамақтану орындары ұлғайған жүктемелерге шамалары жетуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

ЭКСПО көрмесі басталғалы бері 4,5 мың адам дәрігерлер көмегіне жүгінген

Көрме қонақтарының денсаулығын қорғау мақсатында 1 335 медициналық жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды; көрме кезіндегі жалпы қалалық шараларда 222 кезекшілік жүргізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанадағы жаңа әуежай терминалы 227 мың жолаушыға қызмет көрсетті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында ашылған «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы» халықаралық әуежайдың жаңа терминалы бүгінге дейін 19 шетелдік әуе тасымалдаушының халықаралық рейстеріне қызмет көрсетті («LOT Polish Airlines», «WizzAir», «FinnAir», «Air China», «Lufthansa», «Air Arabia» және т.б.).

ЭКСПО көрмесіне келген сингапурлық делегация Астана әкімімен кездесті

Сингапурдың Ұлттық күнін тойлау құрметіне ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне сингапурлық делегацияның келуі аясында Астана әкімі Әсет Исекешев Сингапур Республикасының сауда және индустрия Аға министрі Ко По Кун мырза бастаған аталмыш елдің делегация өкілдерімен кездесті.

Қазақстан және Қытай ЭКСПО-2017 алаңында өңірлік ынтымақтастықты арттыруда

Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 аумағындағы Қытай павильонында қытайлық Юньнань провинциясының күні өтті деп жазады Астана әкімдігінің медиа-орталығы.