Соңғы жаңалықтар

Экспо-2017

ЭКСПО-ға келген жапон делегациясы бағдарламасын қазақ тілінде әзірлеген

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аумағында Жапония мемлекетінің ұлттық күні өтті. Мерекеде қонақтар Күншығыс елінің дәстүрлі мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды деп жазады Egemen.kz.

ЭКСПО-2017: Аргентиналық делегация Ұлттық күнін атап өтті

Бүгiн EXPO-2017 көрмесi аясында Аргентина Республикасының Ұлттық күнi өтiп жатыр. Ұлттық күннiң салатанатты рәсiмiне келгендер аргентиналық танго мен маламбо билерiн тамашалады, деп жазады Baq.kz.

Астана автовокзалы үш тілде қызмет көрсете бастады

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық - ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті.  Көрмеге қойылған 25 фото суретте  Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, "Алаш" этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр.

Астанада ұзындығы 24 км болатын тағы бір веложол пайда болды

Елорданың жасыл аумағында велосипед инфрақұрылымы дамитын болады, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Астана орманы» ЖШС даму бойынша басқарушы директоры Юсуп Келигов.

Қазақстандық альпинист ЭКСПО-дағы Аустрия павильонын бағындырды

Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Аустрия павильонында белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев «жаңа биіктікті бағындырды», деп хабарлайды Baq.kz.

«Жасыл» экономикаға өтуге не кедергі?

Бүгінде әлемді алаңдатып отырған мәселе – қоршаған ортаны ластанудан қорғау. Бұл тұрғыда қолға алынып жатқан «жасыл» экономика термині қоғамға сіңісіп те үлгерді. Қай кезеңде болмасын үнемдеу, ысырап етпеу береке бастауы саналады. Бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, баламалы энергия көздеріне мән беруіміз қажет. Сондықтан да Елбасының басты назарындағы ел экономикасын дамыту жолындағы игі шаралардың бір бағыты «жасыл» экономиканы жолға қою.

Астанада EXPO Fashion fest сән фестивалі өтті (ФОТО)

Әдемілік бізге көптік етпейді немесе Астанада қазақстандық дизайнерлердің алғашқы EXPO Fashion fest сән фестивалі қалай өтті?

Астанада «Сақ мәдениеті» көрмесі ашылады

17 шілдеде ЕХРО-2017 Халықаралық көрме аясында Тәуелсіздік сарайының көрме залында «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Сақ мәдениеті» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Астанада алғаш рет ЭКСПО-2017 симфониялық рекорд өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен әлемге аты әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: біртуар австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. Қазақстандық тұсаукесері «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында 22 шілде күні Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда өтеді.