Ескірмейтін естелік 09.09.2014 сағат 03:55

Батырдың шапаны «Ерлік» мұражайынан орын алды

Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғанбай Қауынбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы әкіміне сыйлаған тартуы «Ерлік» мұражайының төрінен орын алды, деп хабарлайды «Отырар тв».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Небәрі 20 жасында Кеңес Одағының батыры атағын алған ардагер өмірден өтер шағында өңір басшысына құнды дүниесін сыйлап үлгерген болатын. 

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы жеңістің 69 жыл толуына орай алған тартуының бағасын біліп, оны үйіне апармай, «Ерлік» мұражайына жайғастырды. Кеңес Одағының батыры Тоғамбай Қауынбаев қазақтың ою-өрнегімен әспеттелген ұлттық шапанды көзі тірісінде өңір басшысына үлкен құрметпен сыйлады.

Тоғамбай Қауынбаев 1942 жылы небәрі 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған. 1943 жылы Днепр жағалауында бір топ жауды жоюға қатысты. Осы жылы 30-қазан күні немістерді ойсырата жеңген. 20 жасында кеудесіне «Алтын жұлдыз» медалін таққан. Аты аңызға айналған генерал Сабыр Рахымовтың адъютанты қызметін де абыроймен атқарған. 1946 жылы майдан алаңынан аман оралған ол халық щаруашылығы, заң саласында жұмыс істейді. Араға аз-кем уақыт салып, шаңырақ көтереді. 4 қыз, 1 баланың асқар таудай әкесі атанады. Кеңес Одағының батыры 2014 жылы 11-шілде күні 92-ге қараған шағында өмірден өтті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар