Соңғы жаңалықтар

Ескірмейтін естелік

Мораль тақырыбына немесе әкемнің әңгімесі

Кешегі тоқсаныншы жылдардың басына дейін кез келген газетте «Мораль тақырыбына» дейтін айдар болатын. Осынау айдардың аясында Құдай-ау, нелер айтылмаушы еді?! Үлкенді сыйлаудан бастап, тілдің тазалығына дейінгі мәселелердің бәрі-бәрі көрініс табатын. Ол жылдары әсіресе нанды қастерлеу деген мәселе бірінші орында тұрушы еді. Мақалалар да осы тақырыпты қаузайтын, нанды қастерлеу мәселесі лирикалық жырларға да арқау болып жататын.

Қасым хан

Қазақ хандарының ішіндегі байырғы бабалары Жошыдан кейінгі атағы дүркіреген, ең даңқтысы Әз Жәнібектің ұлдары арасында ақылымен де, ерлігімен де ерекшеленген тұлғалысы Қасым болды. 1445-46 жылдары өмірге келген ол, балаң жігіт жасында әкелерінің Қазақ хандығын негіздеуіне куәгер болып, атжалын тартып мініп, осы мемлекетті шайбандықтардан қорғау жолында тер төгіп, тақымы кеппес жортуылдарға белсене қатысты. Әз Жәнібек баласының тамаша қасиеттерін ертерек аңғарса да, оны билікке тартуға асықпады және өзі жасы үлкен немерелес ағасы қазақтың алғашқы ханы Керейді қалай құрметтесе, Қасымнан да өзінен әлдеқайда үлкен Керейдің ұлы Бұрындықты солай құрметтеуді қатал талап етті.

Қарекеңнің қарымды тұлғасы

Жеңіс жалауының желбіреуіне 70 жыл толды. Отан үшін отқа күйген ата-әжелеріміздің ерен ерліктері, табанды еңбектері тарих қойнауынан лайықты орнын тауып, ұрпаққа мирас боп сақталуда. Соғыс майданына аттанып, жанын пида еткен батырларымыздың асыл бейнелері халық жүрегінен мәңгілік өшпейді. Себебі, олардың өнегелі өмірі ұрпаққа үлгі болып қала береді.

Ли Куан Ю-дың өмірлік қағидалары

Маргарет Тэтчер: «Кезінде Сингапур Ұлыбританиядан үйренуші еді. Енді біз Сингапурдан үйреніп жатырмыз».

Атқосшының айтқаны

Біраз бұрын qamshy.kz сайтында Әлихан Бөкейхановтың атқосшысы болған Рамазан атты кісінің баласы Қабылбек ақсақалмен белгілі журналист, ақын Ықылас Ожайұлының видео сұхбаты жарияланып еді.

«Көкейден кетпес балғын шақ»

Мұстай Кәрімнің «Көкейден кетпес балғын шағын» оқыған кезде есеюдің - «кеше бала ең» кезеңге шаң баса бастаған терезеден ұзақ үңіліп, құлазу сезімін кешерін ол кезде ойлаған жоқ едік. «Керемет жазылған шығарма» екен деп, жаба салғанбыз. Уақыт мәңгілік басымызға тұрақтайтындай, бас қатырмайтын шақ емес пе, ол да бір дәурен екен. Бүгін ойласаң қызық, мүлде ондай дәуір болмаған секілді. Алып қаланың аласапыран тіршілігіне де бой үйренген. Толассыз ағылған машиналар тасқыны таптап өтердей, өрекпіген өмір. «Тасыған өзені гүрілдеген» Алтайдың сұлу түні, жазира жайлауы - балалық шақтың тұп-тұнық көзіндей мөлдіреп, алқымыңа ащы өксік болып тығылып тұрып алады...

Ай жарық болған жаз

 «Қарға баласын – әппағым», кірпі баласын – «жұмсағым» дер». Сүлеймен пайғамбар заманынан бізге жетті дейтін тәмсіл әңгіменің астарына үңіліп, айтпағын пайымдап отырғаныңызда ойың он саққа жүгіреді. Қазақ баласын – кім санап, кімім дер еді? Біздің халықтағы әке мен баланың суық қатынасы, тұйық байланысы есіңе түседі. Кейде сенің балалығыңды ескермей, тым қатал шешілетін әке үкімі әділетсіз болса да, үнсіз көнуің заң боп шегеленген барыс-келіс жайлы ойлайсың. «Біз осы қандаймыз?» демеске, шараң жоқ. Мүмкін айтпақ психологиямыз өткенге тән, біз соңғы әсерін сезінген ұрпақ шығармыз. Мүмкін олай емес те шығар…

Құралдың «құпиясы»

Топырақтан жаралдық. Топыраққа тартасың да тұрасың. Қашан екенін білмейсің, бір оянғаныңда көкірегің ашып, жаның сыздай жөнеледі. «Мәңгі оралмас ақ кеме» − сол ауыл. Санада бұлдыраған елесі ғана қалған, келместің кемесінде кеткен тәп-тәтті балалық, жазира жастық...

АУЫЛДАН БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ІЗІН ТАППАЙДЫ

Бабаларымыз «Адамның басы – Алланың добы» деп бекер айтпаса керек. Тағдыр айдап немесе ойда жоқта әлемнің бір қиырына барып тұрақтап қалатын адамдарды көргенде таңданбасқа лажыңыз жоқ.

Батырдың шапаны «Ерлік» мұражайынан орын алды

Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғанбай Қауынбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы әкіміне сыйлаған тартуы «Ерлік» мұражайының төрінен орын алды, деп хабарлайды «Отырар тв».