Соңғы жаңалықтар

Фото

Дәурен Абаев «Батырлар жолы» картинасының түсірілім алаңына барды (ФОТО)

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан «Батырлар жолы» телехикаясының түсірілім алаңына арнайы барды. Министр мен журналистердің назарына Көлсай өзенінің маңында түсіріліп жатқан картинаның ең қызықты сәттері ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға шығармашылық топтың бұған дейінгі жұмыстары да көрсетілді.

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер берілетін болды (ФОТО)

Тоқсаныншы жылдары күн тәртібінен түспеген демография мәселесі бүгінде оң шешімін тауып, Қазақстанның 25 жылдағы негізгі жетістіктерінің біріне айналып отыр. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстандағы қазақтардың саны жалпы халықтың 50 пайызына да жетпейтін еді. Ал қазір 75 пайызды алқымдап отырмыз. Елде туу көрсеткіші күрт өсіп, шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз туған жерге оралды. Осылайша, дәл бүгін қазақстандықтардың саны тура 18 миллионға жетіп отыр.

Н.Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралады

Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананың жасыл белдеуі мен Бурабай орманын қосу бойынша тапсырма толығымен дерлік орындалды. 2016 жылы отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 73 мың гектардан асты.

Бразилияның ең қорқынышты ауданындағы өмір (ФОТО)

«Құдайдың қаласы» — Рио-де Жанейродағы билік салған фавелдерді жергілікті халық осылай атайды. 1960 жылдары кедейлерге арнап салынған үйлерге қаланың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары қоныс аударған болатын.

Дін өкілдері Астанадағы түрмеге барып, сотталушыларға уағыз айтты (ФОТО)

Астана қалалық әкімдігіне жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасымен, Қылмыстық атқару жүйесінің департаментімен қатаң режимдегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.