$ 448.56  478.03  4.79

Назарбаев Қанат Бозымбаевтың тағдырын шешті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жанармай тапшылығының өршіп, бағасының шарықтап кетуіне байланысты сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақораның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды", - делінген Президенттің өкімінде.

Еске салайық, кеше Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жанармай нарығындағы дауды шеше алмағаны үшін ҚР Энергетика министріне сөгіс жариялауды Президентке ұсынған болатын. Ал, министрдің орынбасары жұмыстан қуылды.

Мұнан кейін журналистерге сұхбат берген Бозымбаев өз тағдырының Президенттің қолында екенін айтты. Осылайша, араға бір тәулік салып Президент Қанат Бозымбаевтың "тағдырын шешіп" тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары