$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент қаласы әкімсіз қалды

Шымкент қаласы уақытша әкімсіз қалды. Бұған дейін қаланы басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов бүгін "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ғ.Әбдірахымовты жаңа әріптестеріне партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзі таныстырған. Оның айтуынша, бұл ауыс-түйісті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдапты. Ал, бұған дейін партияның хатшысы қызметін атқарып келген Зауытбек Тұрысбеков басқа қызметке ауысқан.

Ал, Шымкентке әлі жаңа әкім тағайындалған жоқ.

Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Экономист және мемлекеттік әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерде болды. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Премьер-Министр Кеңсесінің жетекшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары