$ 448.15  483.46  4.86

Премьер-министр Алматыдағы Репродуктивті медицина институтының ЭКҰ орталығына барды

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Репродуктивті медицина институтының (РМИ) ЭКҰ орталығына барды, онда денсаулық сақтаудың халықаралық стандарттары деңгейінде бедеулікті емдеу мен жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі.

Бақытжан Сағынтаев ғимаратты аралау барысында тіркеу бөлімінің, колл-орталықтың, жұмыс кабинеттерінің және ЭКҰ-зертханаларының жұмысымен танысты. Өз кезегінде институт директоры Тамара Жүсібалиева Премьер-Министрді орталықтың қызметі, әлеуметтік жауапкершілік аясында міндеттердің орындалуы, сондай-ақ, репродуктивті медицинадағы жетістіктер мен ғылыми қызмет туралы ақпараттандырды.

Айта кету керек, 2017 жылы ЭКҰ орталығында жергілікті әкімдік қаражаты есебінен 300 алматылық отбасы тиісті медициналық көмек алды және тағы шамамен 700 адам кезекте тұр.

Жаңа клиника халықаралық талаптарды есепке ала отырып тұрғызылған және заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Оның ерекшелігі толықтай оқшауландырылған операциялық блогы мен эмбриологиялық зертханасының болуында. Бұл микроклиматты сақтауға және тұрақты температура мен ылғалдылықтың зарарсыздандырылған ауамен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Осындай «таза ғимарат» жүйесі жоғарғы клиникалық нәтижелер беріп, емдеу тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Еске салайық, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жекеменшік клиникаларды дамытуды Үкіметке тапсырған болатын. Ондағы мақсат - елдегі медициналық туризмді аяққа тұрғызу. Ал, аталған клиника Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асырып жатқан елдегі санаулы клиникалардың бірі деп айтуға болады.

РМИ директорының айтуынша, көрсетілетін медициналық қызметтер бағасының арзан болуына қарамастан, шетелдік аналогтарынан кем түспейді. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи жабдықтар мен Қазақстан заңдарының бейілділігі шетелдіктердің көптеп келуіне жол ашуда. Екі жылдың ішінде Алматыға Түркиядан, ҚХР-дан, Германия, Ресей және АҚШ-тан келген емделушілердің саны медициналық туризм желісі бойынша бірнеше есеге артты. Жыл сайын РМИ клиникасы 3 000-ға дейін отбасын қабылдай алады.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 48,4 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 31,6 млрд теңгесі немесе жылдық жоспардың 65,3% игерілген.

«Тау самалы» ауылында емхананың, патологиялық-анатомиялық бюро мен сегіз құрылыстың жалпы сомасы 6,3 млрд теңгеге құрылысы жалғастырылып жатыр. Сегіз нысанда жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге қалыпқа келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы қаланың Наурызбай ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында салынған жаңа емхана пайдалануға берілді. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетуден өзге, асқазан қылтамағын ертерек анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізіледі.

Сондай-ақ, емханада рентген диагностика бөлімшелері, офтальмолог, отоларинголог, торакалды және абдоминалды колопроктология кабинеттері және т.б. ашылған. Бұдан өзге, электронды тіркеу қызметі, колл-орталық жұмыс істейді, Наурызбай ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсету бригадасы қызмет көрсетеді. Жақын арада «Қалқаман» шағын ауданында медициналық мекеме ашылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары