11.01.2018, 19:06

Елбасы Жолдауы отандық агроөнеркәсіп кешеніне жаңа серпін береді - Тілектес Есболов

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жолдауды түсіндіруге Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, көрнекті ғалымдар, журналистер қатысты.

Оқу орнының басшысы Тілектес Есболов Мемлекет басшысының «аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деген сөзін толық құптайтынын жеткізді.

«Жолдауда ауылшаруашылығын дамыту мәселесіне баса мән берілген. Бізге экспортқа  бейімделген, бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы өнімі көлемін 2,5 есеге арттыру міндеті тұр. Ауалшаруашылығы секторында шикізат секторының көлемі 100 пайыз деп алсақ, экспортқа шығатын өнім көлемі  17-20 пайыз ғана болып отыр. Ал, 100 пайыз шикізатты қайта өңдейтін өндіріс қуаттылығы  23-30 пайыз ғана іске қосылып тұр», - деді Тілектес Есболов.

Сонымен қатар оқу орнының басшысы Жолдауда айтылған ресурстарды үнемдеу технологиясы, ақылды технологиялар мәселесі бойынша ауылшаруашылығы саласында бас университет  ретінде қандай жұмыс жасалып жатқанын айтты.

«Агротехнологиялық хаб аштық. Осы екі жарым жылда шетелдегі ғылыми орталықтардан жаңа технология, инновация тартылды. Жаңа өндіріс орындарының жаңа дайын өнім шығаратын қуаттылығын арттыру мақсатында АҚШ департаменттерімен  нақты келісімшартқа қол қойылып отыр», - деді оқу орнының басшысы.

Оның айтуынша, жолдауда ауылшаруашылығы ғылымына ерекше көңіл бөлінген.

«Ауылшаруашылығы саласындағы университет рөлін арттыруға басымдық беріліп отыр. Бұл дегеніңіз ғылымға көп көңіл бөлуді білдіреді. Бүгінде жалпы республикада ғылым саласының дамуына 66 млрд теңге бөлінеді, ал ауылшаруашылығына 6,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл Жалпы Ішкі өнімнің  0,1 пайызын білдіреді. Бұл меніңше жеткіліксіз. Осы салада елеулі жұмыс атқаруымыз керек. Ғылымданған өндірістерге қажет маман дайындау керек. Ерте түлектеріміз сұраныста болуы үшін. Соған байланысты оқу практикасын 6 айға соып отырмыз. Республикада 10 мың шаруа қожалығымен  тікелей шарт жасалған. 500 жаңа пилоттық өндірісте инновациялық жаңа технология енгізіліп жатыр», - деді ректор.

Айта кету керек, бүгін ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты кезекті Жолдауы жариялаған болатын. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика