$ 448.15  483.46  4.86

Н.Назарбаев өзбек президентіне қоңырау соғып, тағы да көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті биылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі қайғылы оқиға орын алған күні Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары