$ 449.58  486.94  4.86

Н.Назарбаевтың ұсынысынан кейін Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босап қалды

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды деп жазады Sputnik Қазақстан. Бүгін сенаттың жалпы отырысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы мәселе қаралды.

"Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді. Оның үшеуі Өмірсерік Қожабаев, Рақымбек Мамырбаев, Дүйсен Тұмабеков зейнет жасына жетіп, отставкаға кетуге ниет білдірді. Сот жүйесінде еңбек еткен жылдары олар өздерін абыройлы, сауатты, тәжірибелі судья ретінде көрсетті. Бұдан бөлек өткен жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы сот судьясы Қалидолла Шауқаров қайтыс болды. Осыған орай мемлекет басшысының осы судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауды өтінемін", — деді отырыста Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин.

Сенат депутаттары президенттің Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысын қолдап дауыс берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары