$ 449.58  486.94  4.86

Президент Тамара Дүйсенованы қызметінен босатты

Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы сынға алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев араға бірнеше сағат салып оны қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды», - делінген Президенттің жарлығында.

Ал, аталған министрлікті бұдан былай Мәдина Әбілқасымова басқаратын болады. Мемлекет басшысының жарлығымен ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Еске салайық, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсенованың жұмысына сын айтып, кемшіліктердің себебін түсіндіруді сұраған еді.

«Министр Дүйсеноваға талай рет айттым. Не болды енді Тамара, айтшы. Әлде шаршадың ба сен мына жұмыста?», - деді Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтардың мәселесіне қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары