$ 443.85  474.3  4.8

Басшысының алдында арақты сіміріп салған әскери әйелдердің Қорғаныс министрлігінде істейтіні анықталды (ВИДЕО)

Желіде шен үшін ішкен әйелдердің видеосына қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға жауап берді. 

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы азаматтардың ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет ететіні анықталды. Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңына сәйкес оларжауапкершілікке тартылды. Майор А,, капитан И. және аға лейтенант Р.-ға қатаң сөгіс жарияланды", - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің жауабында. 

Өз кезегінде ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлердің тәртіптік этика мен мемлекеттік қызметкердің нормасына теріс қылық көрсеткені үшін оларға тәртіпті жазаның ең қатаң түрі қолданылды. Сонымен қатар, мұндай жағдайдың бірінші рет болып тұрғанын айта кету керек. ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметкердің қарым-қатынасы мен мәдени қалыптасуы үшін және әскери қызметкерлер арасында тәртіпсіздіктің алдын алуға әрдайым профилактикалық шаралар жүргізіліп тұрады. 

Еске салайық, таяуда шен үшін ішкен әйелдердің видеосы тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. 

Интернетте пайда болған видеода үш әйел былай дейді: "Құрметті офицерлер, кезекті әскери шен алу үшін алып қоюға рұқсат етіңіз", - дейді де шыны стақанға құйылған сұйықтықты ішеді. Осы әрекет демалыс орындарының бірінде түсірілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары