$ 448.15  483.46  4.86

2050 жылға дейін Шымкент халқы 1,5 миллионға жету керек - Н.Назарбаев

Бүгін Астана қаласының дамуы жөнінде жиын өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы үш мегаполистің болашағы туралы әңгіме қозғады.

"2050 жылға дейін Алматы халқының саны 2,5 миллион адамға, Астана - 2 миллион адамға жетуі керек", - деді Қазақстан президенті республикалық маңызы бар мегаполистер жайында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халық саны 1 миллион адамға жуықтаған Шымкентті де естен шығарған жоқ. Назарбаевтың пікірінше, Қазақстандағы "үшінші қала" статусына үміткер Шымқалада алдағы уақытта 1,5 миллион тұрғын тұруы тиіс.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, аталған қалалардың стратегиялық даму жоспары болуы тиіс екенін де атап өтті. Есек салайық, Қазақстан халқы саны 2018 жылдың 1 қаңтарында 18 млн 157,1 мың адамды құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары