$ 443.85  474.3  4.8

ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып Әлия Рақышева тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Президенттің жарлығында.

Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары