$ 448.89  477.93  4.76

Н.Назарбаев Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

Бүгін ел тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтіп жатыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтарды осынау мейраммен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық.

Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.

Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.

Мемлекет өмірінің барлық саласындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары